«Ана өмірдің гүлі»

Наурыз айының 6 күні Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері мен Черкасск орта мектебінің оқушылары Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік шара өткізді. Шара барысында Сара Тыныштығұлованың өмір баяны айтылып, әндері шырқалды. Сонымен қатар экскурсия жүргізуші Карибжан М.Ә. шараға қатысқан қонақтарды құттықтап, қазақ ән өнерінің классикасына айналған «Анашым» әнін орындап берді.
Подробнее Просмотры: 127 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

"Ардақты ана, Батыр ана, Ер ана"

Ү.ж. 6 наурыз күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Ардақты ана, Батыр ана, Ер ана" тақырыбында көпбалалы аналармен кездесу өткізілді. Мақсаты: Аналармерекесіқарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Кездесуге 11 баланы тәрбиелеген «Алтын алқа» иегері Н.Абдикаримова, 6 бала тәрбиелеп отырған «Күміс алқа» иегері Г.Бекмадиева және 5 бала тәрбиелеп отырған Р.Тұрысбекова қатысты. Шара барысында оқушылар аналарға арнап ән айтып, би биледі. Аналар өздерінің бала тәрбиесіндегі тәжірибелерімен бөлісті.
Подробнее Просмотры: 170 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Ана өмірдің шуағы»

Ағымдағы жылдың 5-ші наурызында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде «Ана өмірдің шуағы» атты мерекелік концерт өткізілді. Іс-шара барысында музей қызметкері Рахымбергенов Қалқаман «Құдірет күші аналар, қазақ ханымдары» атты баяндама оқыды. Оқушылараналар мен ұстаздарға арнап ән айтып, күй шертіп, би биледі.
Подробнее Просмотры: 160 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Ананың аялы алақаны»

Үстіміздегі жылдың 4-ші наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 80 жылдығына орай, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Ананың аялы алақаны» атты Елбасының анасы Әлжан апаның өмір жолы мен дара тұлғаларды тәрбиелеудегі үлгі өнегесі жайлы тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларына жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 187 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

"Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы"

Үстіміздегі жылдың 5 наурыз күні Сүйінбай Аронұлының әдеби - мемориалды музейінде бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында "Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмемен мектеп оқушылары танысып, тамашалады.
Подробнее Просмотры: 172 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Абай шығармаларындағы табиғат бейнесі»

2020 жылы 4 наурыз күні Ү.Кәрібаев музейі "Жас суретшілер" үйірмесі мүшелерімен А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай шығармаларындағы табиғат бейнесі» тақырыбында тақырыптық сабақ өткізді. Танымдық сабақты үйірме мүшесі орта топ және жоғарғы топ сынып оқушыларына Абай шығармаларын оқи отырып, сурет салудағы композиция құрастыру жұмыстарын іс-жүзінде тәжірибе етіп көрсетті. Соңынан оқушылар Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдеріне композициялық суреттер құрастырып салды.
Подробнее Просмотры: 234 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

Экскурсия

2020 жылдың 2 наурыз күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, журналистер одағының мүшесі, жерлесіміз Мәкен Әлиасқарұлының ұрпағы Назгүл Әлиасқароваға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Мәкен Әлиасқарұлына арналған экспозицияны тамашалап, музей қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.
Подробнее Просмотры: 126 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Шын жүректен алғыс айтамыз...»

2020 жылы наурыз айының 4-ші жұлдызында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Шын жүректен алғыс айтамыз...» атты ауыл тұрғындарымен кездесу кеші өтті. Аталмыш шара қонақтарына мейірімділік, ризашылық, ізгі тілектер мен алғыстар жайында өлеңдер оқылып, ән айтылды.
Подробнее Просмотры: 144 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Ұлттық қолөнер»

Ағымдағы жылдың 4 наурыз күні «Анаға құрмет» музейінде Бегдайыр жанұясы «Ұлттық қолөнер» атты тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеде К.Әзербаев мектеп оқушыларына Анаргүл Жаманқұлқызы шеберлік сабақ өткізді. Аталмыш көрмеде көрермен назарына белдік, сөмке, әмиян, сырға, алқа, текемет және сырмақ сынды жүннен, теріден жасалған қазақи ұлттық өнердің иісі аңқитын, көз жауын алардай зергерлік бұйымдар ұсынылды.
Подробнее Просмотры: 204 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Ат әбзелдері»

2020 жылдың 4 наурыз күні Есік археологиялық-өлкетану музейінде Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Ат әбзелдері» атты Алматы облыстық көмекші мектеп интернатының 2 сынып оқушыларына танымдық сабақ өткізілді. Оқушылар музей қорындағы ертоқым, жүген, үзеңгі сынды ат әбзелдерін тамашалап, ат әбзелдерінің қолдану және жасалу тарихымен танысты.
Подробнее Просмотры: 209 Категория: Новости Дата: 06.03.2020