«Шоқан Уәлихановтың өмірі және оның ғылыми мұрасы»

Ағымдағы жылдың 11-наурызы күні, Батыр бабалар мемориалды музейінің қызметкерлері, ХІХ ғасырдағы қазақтың көрнекті ориенталист, тарихшы, этнограф әрі саяхатшы ғалымы - Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы, М.Әуезов орта мектебі оқушыларына «Шоқан Уәлихановтың өмірі және оның ғылыми мұрасы» атты тақырыпта музейлік дәріс оқып, ғалымның ғылыми еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды. Шараға құрметті қонақ ретінде, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарихшы-ғалым Рашид Оразов келіп қатысты.
Подробнее Просмотры: 179 Категория: Новости Дата: 12.03.2020

«Жарқын жүзді аналар»

Үстіміздегі жылдың 10-шы наурызында Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Жарқын жүзді аналар» тақырыбында Қаскелең қаласының тұрғындары мен көп балалы аналарға арнайы тақырыптық экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында ауданнан шыққан батыр, еңбек ері атанған аналарымыз жайлы ақпараттар айтылды.
Подробнее Просмотры: 95 Категория: Новости Дата: 12.03.2020

Экскурсия

2020 жылдың 10 наурыз күні Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалды музей қызметкерлері Талдықорған қаласының ішкі істер орган қызметкерлеріне рухани құндылықты арттыру мақсатында музей залдары бойынша экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында ғалымның өмірі мен қызметіне байланысты қойылған музей жәдігерлерімен толық танысты.
Подробнее Просмотры: 96 Категория: Новости Дата: 12.03.2020

«Азаттықты аңсаған Алаш арыстары»

Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні Алматы қаласына біліктілікті арттыру курстарына келген мұғалімдер Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне арнайы келіп, музей экспозициясымен танысты. Сонымен қатар музей меңгерушісі «Азаттықты аңсаған Алаш арыстары» тақырыбында тәуелсіздік үшін күрескен зиялы қауым өкілдерінің ауыр тағдыры жайында дәріс оқыды.
Подробнее Просмотры: 168 Категория: Новости Дата: 10.03.2020

«Әл-Фараби және әлемдік өркениет»

Наурыз айының 10 күні Жамбыл ауданының Қарақыстақ ауылындағы Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музейінде білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған, данышпан Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби және әлемдік өркениет» атты мектеп оқушылары арасында дебат танымдық шарасы ұйымдастырылды. Оқушылар өзара пікір алмасып, ой бөлісті.
Подробнее Просмотры: 149 Категория: Новости Дата: 10.03.2020

"Біз - Жеңіс жеңімпаздардың ұрпақтарымыз"

10 наурыз күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, өскелең ұрпаққа рухты бабалардың ерлігін ұлықтау мақсатында "Біз - Жеңіс жеңімпаздардың ұрпақтарымыз" атты Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің 6-7 сынып оқушыларына тақырыптық экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 133 Категория: Новости Дата: 10.03.2020

Витраж өнерінен шеберлік сабақтар

Ағымдағы жылдың наурыз айының 10-ны күні, "Анаға құрмет" музейінде Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Кескіндеме, мүсін және дизайн" факультетіне қарасты "Көркемсурет" кафедрасының аға оқытушылары М.Тохсанбаев пен Ж.Тыныбекова К.Әзірбаев мектеп оқушыларына витраж өнерінен шеберлік сабақтарын өткізді.
Подробнее Просмотры: 92 Категория: Новости Дата: 10.03.2020

"Еңбек ардагерлері мен ел ағалары "

Үстіміздегі жылдың 10- шы наурыз күні Шелек тарихи-өлкетану музейіне Ауған соғысы мен Чернобыль апатына қатысқан ардагерлер келіп, музей залдарымен таңысты. Музей қызметкерлері ардагерлердің әрқайсысы бүгінгі жас ұрпақ жадында ерлік көрсеткен жауынгерлер болып қала беретіндерін сөз арасында айтып өтті. Қонақтар "Еңбек ардагерлері мен ел ағалары " залындағы Ауған соғысы мен Чернобыль апатының ардагерлеріне арналған экспозицияны тамашалап, музей қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп қайтты.
Подробнее Просмотры: 127 Категория: Новости Дата: 10.03.2020

«Жамбыл Жабаевтың шәкірттері»

2020 жылдың наурыз айының 10-шы жұлдызында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Қайназар орта мектебінің 5-сынып оқушыларына «Жамбыл Жабаевтың шәкірттері» атты дәріс оқылып, тақырыптық экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 147 Категория: Новости Дата: 10.03.2020

«Азап шеккен ару-аналар»

Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай 8-10 наурыз аралығында «Азап шеккен ару-аналар» көрмесі ұйымдастырылды. Осы аралықта көрмені аудан тұрғындары мен мектеп оқушылары тамашалап, лагерьде азап шеккен арулардың ауыр тағдырымен танысты.
Подробнее Просмотры: 133 Категория: Новости Дата: 10.03.2020