«Көрісу – көне дәстүр»

Ү.ж 13 наурыз күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Көрісу – көне дәстүр» атты танымдық шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларды халқымыздың салт — дәстүрлерінің бірі - амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу. Шараға қатысушылар"Бір жасыңмен!", "Жасың құтты болсын!"-деп бір-бірімен құшақтасып көрісіп, ақ тілектер арнады. Оқушыларға бұл мерекенің ұлттық сананы жаңғыртудағы маңызы ерекше екендігі түсіндірілді.
Подробнее Просмотры: 164 Категория: Новости Дата: 16.03.2020

"Шежіре шерткен-Шелегім"

Үстіміздегі жылдың 13 наурыз күні Шелек тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қарасаз ауылының Мұқағали Мақатаев әдеби-мемориалды музейінде "Шежіре шерткен-Шелегім" атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеде Шелек тарихи-өлкетану музейінің қорындағы құнды жәдігерлер ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына ұсынылып, таныстырылды.
Подробнее Просмотры: 202 Категория: Новости Дата: 16.03.2020

«Елінің қайсар ұлы»

Ақын Сараның мемориалды музейінде13 наурыз күні Тәнеке батырдың ұрпақтарының қатысуымен, Тәнеке Дөсетұлының қайтыс болғанына 135 жыл толуына арналған «Елінің қайсар ұлы» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: өскелен ұрпақты батыр бабаның жасаған ерліктерімен таныстыру, Тәнекенің ел үшін атқарған игі істерімен, батырлығын келешек ұрпаққа жеткізіп, отаншылдыққа тәрбиелеу. Шарада Ғ.Орманов, Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушылары көрініс қойып, арнауларын оқыды. Қонақтар назарына «Тәнеке батыр, бағынбаған рух» атты бейнетаспа көрсетіліп, «Дәнекерім» атты көрме таныстырылды.Қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, Тәнеке батырдың зиратына барып, баба рухына тағзым жасалынды.
Подробнее Просмотры: 163 Категория: Новости Дата: 16.03.2020

"«Оян, қазақ» - қазақтың манифесі» "

12 наурыз күні Саяси қуғын сүргін құрбандары музейінде Міржақып Дулатовтың 135 жылдығына орай "«Оян, қазақ» - қазақтың манифесі" атты кездесу кеші өтті. Кешке М. Дулатовтың немересі Ерлан Сатыбалдиев, А.Байтұрсыновтың немересі Айман Байтұрсынова-Байсалова, қазақтың көрнекті режиссері, алаштанушы Қалила Омаров қатысып, ұлы көсемнің өмір жолынан еш жерде жазылмаған деректермен бөлісті. Кеш соңында музей жанынан құрылған «Тарих-өлкетану және әдебиет» үйірмесінің қатысушылары ақынның шығармаларын орындады.
Подробнее Просмотры: 162 Категория: Новости Дата: 16.03.2020

"М.Төлебаевтың операсы"

Үстіміздегі жылдың 12 наурыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері М.Төлебаевтың туған күніне орай Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің 10-шы сынып оқушыларына "М.Төлебаевтың операсы" атты дәріс оқыды. Біржан - Сара операсының шығу тарихы, Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы турасында мағлұмат беріліп, слайд көрсетілді.
Подробнее Просмотры: 129 Категория: Новости Дата: 16.03.2020

«Ұлылардан ұлағат – ұрпақ жалғастығы»

2020 жылдың наурыз айының 12-жұлдызында Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты жалпы білім беру №156 орта мектебінде «Ұлылардан ұлағат – ұрпақ жалғастығы» атты кездесу кеші өтті. Кездесуге Ұлы тұлғалардың ұрпақтары: Жыр алыбы , ғасыр ақыны Жамбыл Жабаевтың немересі - Салтанат Жамбылова, Жырдың қара жорғасы Үмбетәлі Кәрібаевтың немересі – Әуелбек Ысқақов арнайы шақырылды. Кеш барысында өскелең ұрпаққа ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы , ұлттық мәдениетке қосқан үлестері жайлы айтылды. Шараға арнайы ақындардың жеке заттарынан шағын жылжымалы көрме қойылды.
Подробнее Просмотры: 144 Категория: Новости Дата: 16.03.2020

«Алаш көсемі Міржақып Дулатов»

Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы М.Дулатовтың 135 жылдығына орай «Алаш көсемі Міржақып Дулатов» атты кітап көрмесі қойылды. Көрмемен ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары танысып, ұлы көсемнің өмірі мен шығармашылығынан тың деректер біліп қайтты.
Подробнее Просмотры: 188 Категория: Новости Дата: 12.03.2020

"Жаңғыртылған жәдігерлер"

Үстіміздегі жылдың 12 наурыз күні Есік археологиялық - өлкетану музейінің ұйымдастыруымен, Есік қаласындағы облыстық «Көру қабілеті бұзылған» балаларға арналған арнайы мектеп интернатында "Жаңғыртылған жәдігерлер" атты қайырымдылық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар жәдігерлермен танысып, кеңінен мәлімет алды.
Подробнее Просмотры: 109 Категория: Новости Дата: 12.03.2020

"Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы"

Ағымдағы жылдың 12 наурызында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы" атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш шара жас ұрпаққа қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын​ сайыс арқылы насихаттау, ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына​ мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу мақсатында ұйымдастырылды. Шара Мамания орта мектебінің 7-10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Подробнее Просмотры: 171 Категория: Новости Дата: 12.03.2020

«Шоқан еңбектері - асыл мұра»

2020 жылдың наурыз айының 12-ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Мағжан Жұмабаев атындағы Қойлық орта мектебінің 8 сынып оқушыларына Ш.Уәлихановтың 185 жылдығына байланысты «Шоқан еңбектері - асыл мұра» атты лекция оқыды. Лекция барысында ағартушы, этнограф ғалым Ш. Уәлихановтың өмірбаяны мен шығармалары туралыайтылды.
Подробнее Просмотры: 178 Категория: Новости Дата: 12.03.2020