«Қош келдің әз-Наурыз!»

Категория: Новости
Дата: 16.03.2020
Просмотры: 160 Печать страницы
«Қош келдің әз-Наурыз!»

2020 жылдың наурыз айының 13-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  №2 орта мектебінде 22 наурыз қарсаңына  орай  «Қош келдің әз-Наурыз!» атты жылжымалы көрме өткізілді. Мақсаты - халқымыздың асыл мұраларын, салт - дәстүрлерін құрметтей білуге, өнерді түсінуге, сүюге тәрбиелеу. Көрме барысында оқушыларға қазақ халқының қол өнер бұйымдары көрсетіліп, салт-дәстүрге байланысты викториналық сұрақтар қойылды.