«Елінің қайсар ұлы»

Категория: Новости
Дата: 16.03.2020
Просмотры: 200 Печать страницы
«Елінің қайсар ұлы»

Ақын Сараның мемориалды музейінде 13 наурыз күні Тәнеке батырдың ұрпақтарының қатысуымен, Тәнеке Дөсетұлының қайтыс болғанына 135 жыл толуына арналған «Елінің қайсар ұлы» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: өскелен ұрпақты батыр бабаның жасаған ерліктерімен таныстыру, Тәнекенің ел үшін атқарған игі істерімен, батырлығын келешек ұрпаққа жеткізіп, отаншылдыққа тәрбиелеу. Шарада Ғ.Орманов, Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушылары  көрініс қойып, арнауларын оқыды. Қонақтар назарына  «Тәнеке батыр, бағынбаған рух» атты бейнетаспа көрсетіліп,  «Дәнекерім»  атты көрме  таныстырылды. Қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, Тәнеке батырдың зиратына барып, баба рухына тағзым жасалынды.