«Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер»

Категория: Новости
Дата: 28.02.2020
Просмотры: 164 Печать страницы
«Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер»

         28 ақпан күні «Анаға құрмет» музейінде Қарасай ауданының Ушинский атындағы  орта мектебінің оқушыларына «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер» атты тақырыбында іс-шара өткізілді. Шараға  арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан кезінде «Семей таңы», «Абай» журналдарында қызмет жасаған белгілі журналист, абайтанушы, аудармашы Райхан Ахметова қатысып, Абайдың өмірі мен ақындық жолына жан-жақты шолу жасап, оның әдеби мұрасын зерттеген ғылыми мақалалары мен аудармалары жайлы кеңінен әңгімеледі.