«Әнуар әлемі»

Категория: Новости
Дата: 27.02.2020
Просмотры: 217 Печать страницы
«Әнуар әлемі»

Ү.ж. 26 ақпан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Өлкетану кіріктірілген курсының оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы»  атты  семинарда жазушы Әнуар Әлімжановтың өмірі мен шығармашылығын көпшілікке насихаттау мақсатында  «Әнуар әлемі» атты тақырыпта  көрме көрсетті. Аталмыш көрмеде жазушының қолданған заттары, фотосуреттері, 80 жылдық мерейтойына арнайы шығарылған заттары жалпы білім беру мекемелерінің  тарих, география, қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері мен Қоңыр орта мектебінің оқушыларының назарына ұсынылды.