"Ұлы дала елінің ұлы ақыны"

Категория: Новости
Дата: 21.02.2020
Просмотры: 152 Печать страницы

2020 жылдың 21 ақпан күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Шелек тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері "Ұлы дала елінің ұлы ақыны" атты тақырыпта мектеп оқушыларына танымдық сағат ұйымдастырды. Танымдық сағатта қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі туралы кеңінен мəлімет беріліп, шығармашылығына жалпы шолу жасалды.