«Өлең сөздің патшасы»

Категория: Новости
Дата: 21.02.2020
Просмотры: 129 Печать страницы
«Өлең сөздің патшасы»

Ү.ж. 20 ақпан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері және О.Молдағожин атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып,  ұлтымыздың дара туған ұлы перзенті - хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына  орай  «Өлең сөздің патшасы» атты әдеби  кеш ұйымдастырды. Мақсаты:Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,  даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін мәнерлеп оқу. Әдеби кеш барысында  оқушылар Абайдың өлеңдерін оқып, қара сөздерін талдады. Ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды. Шараға О.Молдағожин атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.