«Жамбыл жырларын жатқа оқиық»

Категория: Новости
Дата: 20.02.2020
Просмотры: 214 Печать страницы
«Жамбыл жырларын жатқа оқиық»

 

18 ақпан күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде  Жамбыл аудандық «Жас ұлан » оқушылар үйі мен музей қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен   жыр алыбы  Жамбыл Жабаевтың 174 жылдығына орай «Жамбыл жырларын жатқа оқиық» атты әдеби кеш өтті. Өскелең ұрпаққа тәрбие беру арқылы ұлттық рухты жігерлендіру, ақындық  талантын  шәкірт жүрегіне ұялату арқылы  поэзияны  сүюге, оны бағалай білуге  үйретуді мақсат еткен шара  қызықты әрі тағылымды  болды .