"Ауғанның отты жалыны"

Категория: Новости
Дата: 17.02.2020
Просмотры: 184 Печать страницы

Үстіміздегі жылдың ақпанның 14-ші жұлдызында Шелек тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Ауған соғысы жауынгерлерін еске алу мақсатында, О. Жандосов мектебінің 7 «Ә» сынып оқушыларына "Ауғанның отты жалыны" атты тақырыпта лекция оқыды. Мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы мағлұмат беру. Қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, Ауған соғысында опат болған ардагерлер рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, патриоттыққа тəрбиелеу. Ержүрек жауынгерлердің ерлігін насихаттау.