"Қайрат жəне Желтоқсан"

Категория: Новости
Дата: 12.12.2019
Просмотры: 335 Печать страницы

11 желтоқсан күні Туғанбай ауылы № 30 орта мектеп оқушылары мен сынып жетекшісі Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде 16 желтоқсан – ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай «Қайрат және Желтоқсан» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, қастерлеуге тәрбиелеу және де тәуелсіздіктің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру, патриоттық сезімге баулу. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова сынды талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кеткен Желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде қалады. Егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида еткен батыр жастарды ұмытпаймыз!