Тәуелсіздік, мәңгі болсын тұғырың!»

Категория: Новости
Дата: 12.12.2019
Просмотры: 251 Печать страницы
Тәуелсіздік, мәңгі болсын тұғырың!»

2019 жылдың 11 желтоқсан күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік, мәңгі болсын тұғырың!» атты шара өтті.  Кешке Алматы облыстық Ардагерлер ұйымының мүшелері, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің білімгерлері, Талдықорған қаласының №2, 15 орта мектеп, Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының оқушылары қатысты.  Шара барысында «Елімнің ертеңі-Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі таныстырылып, №15 орта мектептің оқушылары Ілияс Жансүгіровтің өмірінің соңғы сәттерін бейнелейтін «Ілияс» драмалық спектаклінен үзінді қойды. Мерекелік шара патриоттық ән-күйлермен жалғасын тауып, кеш соңында жыл бойы музей өміріне белсенділік танытқан азаматтар марапатталынды.