«Елбасы –ел мақтанышы»

Категория: Новости
Дата: 29.11.2019
Просмотры: 158 Печать страницы
«Елбасы –ел мақтанышы»

2019 жылдың 29 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы –ел мақтанышы» атты мүмкіндігі шектеулі «Бәйтерек» сауықтыру орталығының бүлдіршіндеріне қайырымдылық мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасап, «Елбасына сыйлық», «Сандар сөйлейді», «Талдықорған әртістері» және «Болашақ Талдықорған» атты бүлдіршіндердің арман қиялдарын шыңдау мақсатында арнайы ойын жүргізілді. Мерекелік шара соңында балаларға сыйлық таратылып,  бүлдіршіндер музей қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.