«Адалдық сағаты»

Категория: Новости
Дата: 06.11.2019
Просмотры: 197 Печать страницы
«Адалдық сағаты»

2019 жылдың қараша  айының 6-шы жұлдызында, Черкасск орта мектебінің ұйымдастыруымен «Адалдық сағаты» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға округіміздің мәдениет үйі, әкімшілік, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері, кітапхана қызметкері, жоғарғы сынып оқушылары және физика математика ғылымдарының профессоры, ардагер ұстаз Мұңсызбай Төлеухан Мусалімұлы қатысты.Дөңгелек үстел барысында қатысушылар адалдық ұғымы бойынша өз ұсыныс пікірлерін білдірді. Сонымен қатар бүгінгі таңдағы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық жайында әңгіме өрбіп,тақырыпқа сәйкес бірқатар мысалдар келтірілді.