І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын әуенімен орындайтын жыршы, композитор Нағашыбай Алпысовпен кездесу кеші өтті.

Категория: Новости
Дата: 14.10.2019
Просмотры: 192 Печать страницы
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын әуенімен орындайтын жыршы, композитор Нағашыбай Алпысовпен кездесу кеші өтті.

         Ағымдағы жылдың 10 қазан күні  ақынның әдеби музейінде  Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына Қостанайдан арнайы келген І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын әуенімен орындайтын жыршы, композитор Нағашыбай Алпысовпен кездесу кеші өтті. Шараға Алматы облыстық  ҚХА  төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі,  Ілиястың жерлесі, ақын  Ғабит Тұрсынбай, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын  Серікбай Тұрлан, балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай шақырылды. Кеш барысында танымды  баяндамалар жасалып, Нағашыбай Алпысовтың орындауындағы «Құлагер» поэмасы тыңдалды. Ал, Алматы облыстық ҚХ Ассамблеясының  жанындағы «қазақ мәдениеті мен салт-дәстүр орталығының» төрағасы, әнші Шыныбаев Серікбол Төлеутайұлының орындауындағы «Үш арыс» әні  көпшілікті тәнті етті.  Сонымен қатар Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай  ұйымдастырылған «Өлеңнің өрен жүйрігі» атты облыстық байқау жүлдегерлерінің арнаулары оқылды.