«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»

Категория: Новости
Дата: 08.10.2019
Просмотры: 226 Печать страницы
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»

«Қазақстанның киелі жерлері­нің географиясы» арнайы жобасы бойынша екі жыл бойы ауқым­ды жұмыстар жүргізіліп, бірінші кезең жемісті аяқталып отыр. Осы ретте Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Туған жер» қазақстандық өлке­танушылар бірлестігі» қоғам­дық бірлестігі Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық музейімен бірлесе отырып, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.Конференцияның басты мақсаты – «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру қорытындысын шығару, тарихи-мәдени мұраны зерттеу және көпшілікке тарату саласында халықаралық тәжірибе алмасу.Конференцияға  М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі­нің директоры Аязбаева Рысжан Әбсеметқызы және Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық директоры Оспанов Ғалымжан Айданақұлы қатысты. Халықаралық жиынға «Айгине» мәдени зерттеулер орталығының дирек­торы Г.Айтпаева (Қырғызстан), мәде­ниеттану докторы Д.Н Замятин (Ресей), М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мем­лекеттік университеті доценті Е.И.Ларина (Ресей), Акдениз универ­ситетінің профессоры, PhD докторы А.Карачах (Түркия), В.Н.Каразин атындағы Харьков ұлттық университеті археология музейінің директоры И.Б.Шрамко (Украина), этнография­лық музей директоры Л.Кемечи (Мажар­стан), Оман Сұлтанаты Ұлттық музейі­нің бас директоры Д. әл-Моосави арнайы шақырылып, арнаулы тақырыптар бо­йынша сөз сөйледі.Сондай-ақ, конференция аясында Қазақстан музейлеріндегі мамандардың халықаралық әріптестігін нығайту және музей мамандарының қоғамдағы беделін арттыру мақсатында «Халықаралық музейлер кеңесінің қазақстандық комитеті» заңды тұлғалар бірлестігінің отырысы өтті.