«Қарттарым - асыл қазынам»

Категория: Новости
Дата: 01.10.2019
Просмотры: 158 Печать страницы
«Қарттарым - асыл қазынам»

2019 жылдың  1 қазанында ауылымызда қарттар күніне орай ауыл әкімшілігі және мәдениет үйінің ұжымдарымен бірлесе отырып мәдениет үйінде «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелі кеш өткіздік. Іс-шараның мақсаты Қазақстанның өсіп-өркендеуіне ,еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы екендігін жас ұрпаққа жеткізу.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.Ауыл әкімі және Ж.Жабаев музейінің меңгерушісі Жамбылова Салтанат құттықтау сөз сөйледі.