«Тұғыры биік тұлға»

Категория: Новости
Дата: 18.09.2019
Просмотры: 168 Печать страницы
«Тұғыры биік тұлға»

     Ү.ж. 17 қыркүйек күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері  «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында «Тұғыры биік тұлға» тақырыбында  белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, атақты ғалым,  экономика ғылымының  докторы, профессор, ҚР ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының Құрметті мүшесі, халықаралық экономикалық Еуразия Академиясының академигі Жұмахан Балапановтың өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық қызметiне арналған жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: ғалымның артында қалған мол мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттай отырып, еңбекқорлыққа, адалдыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу.Көрмеге ғалымның фотосуреттері, марапаттары және ауыл шаруашылығы саласында жазған еңбектері қойылды. Көрмені «Жоңғар Алатау»  мемлекеттік табиғи паркі Алакөл филиалының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары  тамашалады.