Послание

Категория: Новости
Дата: 05.09.2019
Просмотры: 205 Печать страницы
Послание

2 қыркүйек 2019 жыл мемлекетіміздің ең маңызды күндерінің бірі ретінде тарихта қалатыны белгілі. Осы күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын жолдады.Бұл жолдау мемлекетіміздің президентінің сайлауалды бағдарламасының негізінде жасалғанын ескерсек оның мемлекет дамуында елеулі үлес қосатыны және президенттік басқарудың басты бағыттарын белгілейтіні анық. Президент Жолдауын мәдениет қызметкерлері де ерекше қызығушылықпен қабылдап жатыр. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі жайлы айтқан Мемлекет басшысы бұл сала мамандарының келер жылдан бастап еңбекақысының өсетіндігін жеткізді. Осы күнге дейін табысының аздығынан мәдениет қызметкерлері көптеген мемлекеттік бағдарламалардан қағылып келді. Соңғы кезде лайықты кадрлар да азайып кеткен. Сондықтан сала қызметкерлерінің жалақысын жоғарылату, олардың мәртебесін арттырып, әлеуметтік жағдайын түзетуге септігін тигізбек. Елдің тарихы мен мәдениетіне қатысты мол мұраны сақтап, өскелең ұрпаққа жеткізуші мекеменің жұмысыда айтарлықтай маңызға ие. Мәдениет қызметкерлерінің жалақысының аздығы, оларға мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана алуға да мүмкіндік бермей келген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алда білім беру мен денсаулық салаларына жасалып жатқан міндетті әлеуметтік жеңілдіктер, мәдениет саласының мамандарына да берілуі керектігін тапсырды. Жеткілікті түрде көңіл бөлінбей келе жатқан сала мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша Президент тапсырмасын музей қызметкерлері ерекше қуанышпен қабылдады. Мемлекет дамуы ол халықтың табысына тікелей әсер етеді. Табыстың көтерілуі ол мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсартатынын ескерсек, бүгінгі жолдау үлкен үміт пен болашаққа деген нық сезімді оятып отыр.

Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы