«Қазақ әйелінің мұң-шерін поэзия тілімен өрнектеген ақын»

Категория: Новости
Дата: 03.09.2018
Просмотры: 339 Печать страницы
«Қазақ әйелінің мұң-шерін поэзия тілімен өрнектеген ақын»

Ақын Сараның мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Сара Тастанбекқызының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ әйелінің мұң-шерін поэзия тілімен өрнектеген ақын» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Аталған іс-шара музейдің үшінші залында өтті. Экскурсия барысында Сараның басынан кешкен өмір фактілері айтылып, шығармашылығынан әйел мұңын жырлаған  «Арсалаң алдында» өлеңі мен «Біржан – Сара айтысынан» үзінділері талданды. Оқушылар Сараның өмір жолын поэзиясы арқылы танып, тек айтыс өнерінде ғана емес, сонымен қатар әйел мұңын поэзия тілімен жеткізген лирикалық ақын екендігін таныды.