«Тарихқа тағзым» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Категория: Новости
Дата: 11.07.2019
Просмотры: 352 Печать страницы
«Тарихқа тағзым» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды.

        2019 жылдың 10-шы шілде күні Кеген аудандық тарихи - өлкетану  музейінің ұйымдастыруымен 1916 жылғы Қарқара көтерілісіне арналып Кеген ауданы, Қарқара аулына қарасты Ереуіл төбе маңына  «Тарихқа тағзым» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды.

         Жылжымалы көрменің мақсаты: Жетісу жеріндегі 1916 жылғы Қарқара көтерілісінің тарихы мен көтерілістің басшылары болған Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Әубәкір Солтанбеков, Жаңабай Құдайбергенов, Нүке Ыстыбайұлы, Қазыбек Шормановтың ұрпақ үшін жасаған өнеге істерін халыққа жеткізу.  Музей қорындағы Қарқара көтерілісінің басшыларынан қалған құнды жәдігерлерді көрсетіп, тарихын баяндау.

Тарихи сананы жаңғырту, ұлттық болмысымызды сақтау, жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату, ұлт мақтаныштарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашу.

Жылжымалы көрмені  Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы, Білім және ғылым қызметкерлерінің «Демеу» Алматылық жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Естенов Тоққожа Естенұлы, Алматы облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы, Кеген ауданының әкімі Байеділов Талғат Ескендірұлы, Кеген ауданының әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, Кеген ауданының мекеме және бөлім басшылары тамашалады