«Домбыра үні - шежіре»

Категория: Новости
Дата: 01.07.2019
Просмотры: 264 Печать страницы
«Домбыра үні - шежіре»

Ақын Сараның мемориалды музейінде 1 шілде 2019 жылы Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра үні - шежіре» атты танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағатта домбыраның сыр-сипаты, жасалу әдісі туралы бейнеролик, слайд көрсетіліп, музейдегі ең құнды жәдігерлерінің бірі- ақын Сараның бала кезінде ұстаған домбырасының тарихы айтылды. Танымдық сағатқа қатысқан балалар домбыра туралы аңыздар айтып, өз ойларымен бөлісе отырды. Сонымен қатар музей қызметкерлері балаларға музейде құрылған «Мир игрушек» атты көрмені таныстырды. Музей залдары бойынша экскурсияны тыңдаған оқушылар көтерінкі көңіл күймен қайтты.