«Алаштың Барлыбегі»

Категория: Новости
Дата: 19.06.2019
Просмотры: 298 Печать страницы
«Алаштың Барлыбегі»

2019 жылдың 18 маусым күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің 11 сыныбын бітірген оқушыларға Алаш азаматы, демократ Барлыбек Сырттановтың өмірден өткеніне 105 жыл толуына орай «Алаштың Барлыбегі» атты тақырыптық экскурсия өткізді. Барлыбек Сырттановтың өмір жолымен таныстырылып, Алаш үшін аянбай еткен еңбек жолы баяндалды. Қазақтан шыққан алғаш зиялыларының бірі, қоғам қайраткері, реформатор Б.Сырттановтың Әлихан Бөкейханның тікелей тапсырмасымен 1911 жылы жазылған «Қазақ Елінің Уставы» атты  еңбегінің мән-мағынасы, тарихы түсіндірілді. Барлыбектің Тәуелсіздік жолындағы істері, еңбектері айтылды.