«Еңбегі елге үлгі болған»

Категория: Новости
Дата: 13.06.2019
Просмотры: 200 Печать страницы
«Еңбегі елге үлгі болған»

Шоқан Уәлихановтың«Алтынемел»мемлекеттік мемориалды музейінде Елбасының « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өз ауылын көркейтуге аянбай еңбек етіп,әрқайсысы өз саласы бойынша көптеген жетістіктерге жетіп,бүгінгі күні сол еңбегінің зейнетін көріп, кейінгі жастарға өмірімен де, қызметімен де үлгі бола білген ағаларымыз бен апайларымызды кейінгі жастарға жан-жақты таныту мақсатында ұйымдастырылған «Еңбегі елге үлгі болған» атты іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында жұрт назарына көрме ұсынылу мен қатар «Музейге естелік» акциясы ұйымдастырылды. Арнайы қонақ болып келіп отырғанкешегі күннің жалғасы, бүгінгі күннің қариясы , өмірден көргені мен түйгені мол қарияларымыз бен апайларымыз өздерінің еңбек жолдарынанестеліктер айтып, осы ұйымдастырылып отырған акцияға өз үлестерін қосу мақсатында өздерінің еңбектегі жеткен үлкен жетістіктернің ішінен бір зат музейге естелік ретінде тарту етті. Келген қонақтардың құрметіне мәдениет үйінің қызметкерлері мен мектеп оқушылары ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетіп, қонақтардың ризашылығына бөленді.