18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай салтанатты іс-шара

Категория: Новости
Дата: 18.05.2019
Просмотры: 111 Печать страницы
18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай салтанатты іс-шара

 

Мәдениеттің бір саласы ретінде музейлерге кез-келген қоғамда ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық мекеме ретінде ерекше орын берілген. Келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін, халықтың өз тарихи тамырын танып, білуінде зор қызмет атқаратын бірден-бір мекеме.

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Алматы облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай салтанатты іс-шара өткізді. Салтанатты жиында  музей саласында тарихи мұраларды насихаттауда, таныстыруда қызмет етіп жүрген Алматы облысының музей қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Жиын барысында Алматы облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі облыс көлемінде жариялаған «Менің өлкемнің аңыздары» байқауы жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталды.