«От кешкен жандар»

Категория: Новости
Дата: 09.05.2019
Просмотры: 214 Печать страницы
«От кешкен жандар»

Үстіміздегі жылдың 8-ші мамырында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным – тағдырым» жобасы аясында және де  9 мамыр – Жеңіс күніне орай,  Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері  Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп оқушыларына «От кешкен жандар»  тақырыбында әңгіме жүргізді. 

Бұл әңгімені өткізудегі мақсатымыз Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат екенін жас ұрпақ санасына жеткізу. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ардагерлер көрген зұлматты жас ұрпақ көрмеген, сол үшін де ардагерлеріміздің ерлігі елеулі  құрметке ие екені сөзсіз.Артынан әңгіме Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне арналған «Мәңгілік алау»  ескерткішіне гүл шоқтарын коюмен жалғасын тапты.