«Ұлы даланың жеті қыры-ұрпақ мақтанышы»

Категория: Новости
Дата: 03.05.2019
Просмотры: 327 Печать страницы
«Ұлы даланың жеті қыры-ұрпақ мақтанышы»

        29 сәуір күні  «Кеген» Халық театры Талдықорған қаласындағы өнер ошағы, қазіргі заманның талаптарын үйлестірген сәулет өнерінің жауһары, халықтың ең үлкен рухани ордасы Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының киелі сахнасында М.Шамхаловтың «Қайын ене мен келін» атты 2 бөлімді комедиялық қойылымын сахналап қайтты. Бұл комедияны тамашалауға 600 – ге жуық көрермен жиналды. Өмірдің бірде ащы, бірде тәтті болатыны секілді комедиялық қойылым бірде күлкіге қарқ қылса, енді бірде терең ойға батырып, көпшілікке тамаша көңіл – күй сыйлады.

        Қойылым басталмас бұрын Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы даланың жеті қыры-ұрпақ мақтанышы» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды.

       Қойылым біткен соң сахна төріне көтерілген басшылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, театр тарланы, мәдениет майталманы Таласбаева Нағима Бейсекқызына және театр өнерпаздарына шығармашылық табыс тілеп Алғыс хаттарын табыстады. «Кеген» Халық театрының өнерпаздарының өз рөлдерін жан – тәнімен беріле ойнауы, кәсіби театр әртістерінен кем түскен жоқ. Халықта мұндай қойылымдарды сағынып қалса керек, театр актерларының өнерлеріне ұзақ қол соғып, қимай қоштасты.