«Ынтымақ – бұзылмайтын қорған»

Категория: Новости
Дата: 01.05.2019
Просмотры: 358 Печать страницы
«Ынтымақ – бұзылмайтын қорған»

Ү.ж. 30 сәуір күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану қызметкерлері 1- мамыр Халықаралық бірлік күніне орай «Ынтымақ – бұзылмайтын қорған» атты мерекелік шара өткізді. Шараның мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Шара  барысында  ауданымызда тұратын ұлттар  туралы мәлімет берілді. Әр ұлттың әндері шырқалып, билері тамашаланды. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін насихаттау мақсатында көрме ұйымдастырылды.  Шараға  №1 Қабанбай орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.