«Аңырақай шайқасының қазақ тарихындағы алатын орны»

Категория: Новости
Дата: 01.05.2019
Просмотры: 322 Печать страницы
«Аңырақай шайқасының қазақ тарихындағы алатын орны»

Ағымдағы жылдың 26-сәуірінде, Батыр бабалар мемориалды кешені қызметкерлері, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақ-Жоңғар қақтығысының ең бір шешуші кезеңі – Аңырақай шайқасының 290 жылдығына орай, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылындағы Ушинский орта мектебі оқушыларына «Аңырақай шайқасының қазақ тарихындағы алатын орны» атты тақырыпта  ғылыми танымдық дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты – өскелең ұрпаққа, Әбілхайыр ханның басшылығымен 1729 (кейбір деректерге қарағанда 1730 ж.) Жетісу өңіріндегі Аңырақай тауынан (Жамбыл ауданы) бастау алып – Балқаш көлінің оңтүстік шығысындағы Итішпес көліне дейінгі аралықты қамтыған тарихта «Аңырақай шайқасы» атымен қалған шайқастағы қазақ батырларының ерен еңбегі жайында баяндау болды.