«Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы»

Категория: Новости
Дата: 09.04.2019
Просмотры: 289 Печать страницы
«Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы»

2019 жылдың 9 сәуір күні Ақын Сараның мемориалды музейінің ұйымдастыруымен Лепсі ауылындағы М.Төлебаевтың мемориалды музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы» атты жылжымалы көрме құрылды. Көрме мақсаты - әдебиет айдынында ерекше орын алған Сара Тастанбекқызының дарынды ақын, саналы суреткер, майталман сөз шебері екендігін сонымен қатар артына қалдырған мұрасы қалың қазақ елінің рухани атын байытуға жететін шығармашылығын көрермендердің жүрегіне жеткізу. Көрмеге Сараның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін экспонаттар қойылды. Көрмені тамашалуға ақсақалдар, ауыл азаматтары, мектеп мұғалімдері мен оқушылар келді. Ушинский атындағы орта мектеп оқушылары Сараға арнап өлеңдер оқыды. Көрмені тамашалауға келген қонақтарға Сараның жеке заттары ерекше әсер қалдырып, экскурсия көңілдерінен шықты.