"Арулар асыл жандар"

Категория: Новости
Дата: 07.03.2019
Просмотры: 381 Печать страницы

2019 жылдың 6 наурыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері мен Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің 1 сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай  "Арулар асыл жандар" атты танымдық сағаты өтті. Іс-шараға оқушылар мен ата-аналар қатысты. Мереке сайыс ретінде өтті. Топқа бөлінген оқушылар ата-аналарымен бірге өзара сайысқа түсті.Төрт кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар өздерін таныстырып, сұраққа жауап беріп, қолдан дайындаған ас мәзірімен таныстырып, өнер додасына түсті. Көрермен ата-аналар да өнерден құр алақан емес екенін көрсетіп, би билеп, ән салды. Оқушылар өз аналарына дайындаған сыйлықтарын ұсынып, лебіз-тілектерін білдірді. Шара соңында байқауға қатысып, жеңімпаз атанғандарға сыйлық берілді.