«Ораз Қиқымұлы Жандосовтың өмірі және қоғамдық-саяси қызметі»

Категория: Новости
Дата: 06.03.2019
Просмотры: 327 Печать страницы
«Ораз Қиқымұлы Жандосовтың өмірі және қоғамдық-саяси қызметі»

2019 жылдың 4-наурызында, Батыр бабалар мемориалды музейі қызметкерлері, Қарасай ауданының 90 жылдығына орай, өскелең ұрпаққа ауданнан шыққан тарихи тұлғаларын таныстыру және өмір жолын насихаттау мақсатында, ХХ ғасыр басындағы мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Қиқымұлы Жандосовтың туғанына 120 жыл толуына байланысты, Жандосов орта мектебінің оқушыларына «Ораз Қиқымұлы Жандосовтың өмірі және қоғамдық-саяси қызметі» атты тақырыпта ғылыми танымдық дәріс өткізді. Дәріс барысында, арнайы дайындалған слайд-шоулардың көмегімен О.Жандосовтың әр жылдары түскен фотосуреттері көрсетіліп, өмірі мен мемлекеттік қызметтері жайында түсіндірілді.