«Жамбыл сөзі - халық сөзі мәңгілік»

Категория: Новости
Дата: 26.02.2019
Просмотры: 244 Печать страницы
«Жамбыл сөзі - халық сөзі мәңгілік»

2019 жылдың 26 ақпанында «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 173 жылдығына арнап Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінің қызметкерлері  « Жамбыл сөзі - халық сөзі мәңгілік» атты әдеби – музыкалық кеш өткізді. Кеште музей жанынан құрылған «Ақиық» үйірмесінің оқушылары мен Сүйінбай 
атындағы орта мектептің оқушылары ата аруағына арнап жыр – шумақтарын, әндерін, көрініс, билерін тарту етті. Шараның соңында музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.