"Алтын адам - ғасыр тарихы"

Категория: Новости
Дата: 13.02.2019
Просмотры: 355 Печать страницы

2019 жылдың 12 ақпан күні Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлері Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылы, Байысов атындағы орта мектебінде "Алтын адам - ғасыр тарихы" атты жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Аталмыш көрмеге "Жастар" жəне "Жаңалық" негізгі орта мектептерінің де оқушылары қатысты. Оқушылар баға жетпес мұраның тарихымен танысып, көпшілік біле бермейтін аңызы мен ақиқатын тыңдап, өздеріне қажетті мәліметтер алды.