Музей залдары бойынша экскурсия

Категория: Новости
Дата: 31.01.2019
Просмотры: 289 Печать страницы
Музей залдары бойынша экскурсия

2019 жылдың 31 қаңтар күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейіне Астана қаласынан жұмыс сапарымен келген ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері келді. Қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейі көрсетілген 3D туры таныстырылды. Өлке тарихынан сыр шертетін музей экспозициясы көңілдерінен шығып, ерекше әсер қалдырды. Келген қонақтар экскурсия аяқталғаннан кейін музей қызметкерлеріне өз жылы лебіздерін білдірді.