«Парасатты азамат»

Категория: Новости
Дата: 11.01.2019
Просмотры: 484 Печать страницы
«Парасатты азамат»

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 107 жыл толуына орай Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызыметкерлерінің ұйымдастыруымен Ө.Жаңабаев атындағы орта мектепте «Парасатты азамат» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жазған еңбектері мен фото суреттері қойылып, мектеп оқушылары ұлт мақтанышының өмір дерегімен танысып, рухани байлығымызбен сусындады.