«Тәуелсіздік тұғырым»

Категория: Новости
Дата: 10.12.2018
Просмотры: 87 Печать страницы
«Тәуелсіздік тұғырым»

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Н. Алдабергенов мемориалды музейінде «Тәуелсіздік таңы» атты танымдық шара ұйымдастырылып, «Тәуелсіздік тұғырым» атты көрме безендірілді. Шара барысында музей қызметкерлері желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерліктері жайында  мағлұмат бере отырып, тақырыпқа сай бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар Тәуелсіздік, Отан жайында өлең шумақтарын оқып өз ойларымен бөлісті.