«Қазақстанның сакралды географиясы»

Категория: Новости
Дата: 26.10.2018
Просмотры: 382 Печать страницы
«Қазақстанның сакралды географиясы»

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасын жүзеге асыруда Алматы облысының білім басқармасы «Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданында 25-26 қазан күндері «Сакралды Қазақстан: Жетісудың киелі жерлері» атты Республикалық форум өтті.
Форум жұмысына «Рухани жаңғыру» өңірлік жоба кеңесі, жоғары оқу орындары, тарихи-өлкетану музейі, дене тәрбиесі, спорт және қосымша білім берудің ғылым-тәжірибелік орталығының қызметкерлері мен әр өңірден жалпы орта білім беру ұйымдарының педагоктары болып 150-ден астам адам қатысты.
Форумды алматы облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры А.Қабдұлова құттықтау сөзімен ашты.
Форумның пленарлық отырысында қатысушылар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған өз тәжрибелерімен блісіп, баяндамаларын оқыды. 
Бұл шараға қатысуға М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейіне де ұсыныс түскен болатын, соған орай «Туған жер бағдарламасын жүзеге асырудағы музейлердің үлесі» тақырыбында баяндама дайындалып форумда оқылды. 
Ел тәуелсіздігін баянды да тұғырлы ету, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатын көздейтін бұл республикалық шараның маңызы аса зор. Фрум барысында ұлттық тарихымызды зерделейтін ескерткіштер, киелі орындар мен жазба деректер туралы әрі сол құндлықтарды білім беру ісінде қалай пайдалану керектігі талқыланып, жарыссөздер болып, мамандар өзара пікір алмасты.