Жер, су аттары - тарихтың ақиқат хаттары

Категория: Новости
Дата: 17.10.2018
Просмотры: 393 Печать страницы
Жер, су аттары - тарихтың ақиқат хаттары

Ү.ж. 16-шы қазанында Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Жер, су аттары - тарихтың ақиқат хаттары» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Балқаш өңірінің тарихын зерттеуге қалам тартып жүрген өлкетанушы, ҚР құрметті журналисі С.Сихымбаев, жазушы, «Құйған ауылы» энциклопедиялық танымдық жинағының авторы А.Ш.Сиқымбеков, тарихшы З.Ә.Есілбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сқабаев, аудандық «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру жөніндегі сараптама комиссиясының мүшелері, жергілікті тарихшылар, қоғамдық ұйымдар мен Бақанас аграрлы-индустриалдық колледж студенттері және жергілікті басылым «Балқаш өңірі» газеті, облыстық «Жетісу» телеарнасының тілшілері  қатысты.

Конференция қонақтарына аудандық тарихи-өлкетану музейі бойынша экскурсия жүргізіліп, мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Конференция өтетін аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында «Балқаш өңірінің киелі жерлері» атты  көрме таныстырылып, Бақанас «Саз» мектебі ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында «Ұлы дала сарыны» атты шығармасы ойналды.

Модератор Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі А.Басшыбай конференцияны жүргізіп, баяндамашылар өлке тарихына қатысты мұрағат, экспедиция деректеріне, көнекөз қариялардың дәйектеріне, ел аузындағы  аңыз, әңгіме-әфсаналар желісіне сүйене отырып, өлке өңірінің жер-су аттарының аталу, шығу тарихына, оның өзіндік шежірелі сырларына  кеңінен тоқталды. Конференция барысында арнайы дайындалған «Рухани жаңғыру- ұлы дала руханиятын таныту» атты бейнеролик таныстырылды.       

Конференция соңында өлке тарихын зерттеп жүрген өлкетанушыларға Алматы облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаттары табыс етіліп, ардагер ақын Жеңіс қажы Демеуқұловтың «Арнау» өлеңімен қортындыланды.