«Рухани қазына – 2022» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі

Категория: Новости
Дата: 23.05.2022
Просмотры: 30 Печать страницы
«Рухани қазына – 2022» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі

Биыл бесінші рет Түркістан қаласында «Рухани қазына – 2022» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі болып өтті. Ұйымдастырылған байқауға мемлекеттік музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар қатысты.

Аталмыш фестивальдан республика бойынша М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Үздік облыстық маңызы бар музей» және Талғар аудандық Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі «Үздік ауылдық маңызы бар музей» номинациялары бойынша жеңіске жетті. Сондай ақ, 21 мамыр «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне» орай Алматы облысы әкімінің «Үздік музей» номинациясымен Н. Алдабергенов атындағы мемориалды музейі және «Үздік музей қызметкері» номинациясымен І. Жансүгіровтің әдеби музейінің меңгерушісі Жауынбаева Нұргүл Қызырбекқызы марапатталды. ҚҰТТЫ БОЛСЫН !!!